Аурухана ішілік инфекциялардың таралуының 80% жағдайында медициналық ұйымдардың медициналық персоналы мен пациенттерінің қолы негізгі фактор болып табылатыны белгілі.
Нақты медициналық персонал қолы арқылы көптеген жағдайда қоздырушылар бір емделушіден екіншісіне ауысады.

   Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың  алдын алу мақсатында медициналық қызметкер бөлімшедегі эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек.

  Айша биби санатория медперсоналдарының қолын жуу үшін құралдардың әр түрі бар, негізінде антисептикалық дозаторымен бактерияға қарсы сұйық сабынды қолданады қол терісін кептіру үшін –бір реттік қағаз орамал.
Сонымен бірге тырнаққа күтім жасауды ұмытпау қажет, олардың қысқа болуы және қолдағы әшекейлер, сағат, жасанды тырнақ, лак қолдың тазалану тиімділігін төмендетеді.

 Аурухана ішілік инфекциялар профилактикасы үшін пациенттердің күнделікті қол жууы маңызды және міндетті болып саналады, гигиенаны ұстау - инфекциялық бақылаудың маңызды бөлігі.

 Қоршаған орта объектілерімен болмаса жұқпалы ауруымен емделушімен байланыс нәтижесінде медициналық персоналмен келген, микрофлора ең қауіпті. Теріде микробтар қанша сақталса, соншалықты олар үнемі пациентпен байланыста жұғып отыруы мүмкін және әр түрлі объектілерге жұғады, ары қарай жұғуды қамтамасыз етуге ықпал етеумен.
Аурухана ішілік инфекциялардың таралуының алдын алу бойынша өте тиімді іс-шара, сонымен бірге ең қарапайымы медициналық персоналдың қолын жууы болып саналады.
Қолды өңдеудің үш деңгейі бар:
1) тұрмыстық деңгей-қолды механикалық өңдеу, мысалы, дәретханадан кейін, төсек орын ауыстырғаннан соң, тазалау, қан қысымын өлшегеннен соң;
2) гигиеналық деңгей-тері антисептикаларын қолданумен қолды өңдеу, мысалы, көктамыр, бұлшық етке дәрі құюды жасағанға дейін және жасағаннан кейін, жарамен манипуляциялауда;
3) хирургиялық деңгей-қандай-да бір отаға араласу алдында қолды өңдеуде манипуляциия кезегі ерекше артынан стерильді қолғап киюмен.
    Қолды тазалаудың үш деңгейі бар:  әлеуметтік, гигиеналық (қолды залалсыздандыру), хирургиялық (белгілі уақытқа қол стерилдігіне қол жеткізу);

1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу

2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу(антисептик қолдану)

3.  Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану) 

1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу

Мақсаты: қолдың мирофлорасын механикалық әдіспен тазарту, пациентер мен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: 

-пациенттерді қабылдау алдында, кейін,  қызметкерлердің тамақтану алдында, кейін; 

-әжетханадан кейін 

-әр түрлі манипуляциялар жасағанға дейін, кейін

Жабдықталуы:  шынтақ дозаторы бар сұйық сабын, бір реттік салфетка. 

Міндетті шарт: қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.

Ем-шараға дайындық: 

-қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу; 

-шынтаққа дейін халат жеңін қайыру; 

-кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);

Ем-шараны орындау 

- кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу, 30 сек, алгоритм талабы бойынша  қимылдармен 

-қолды сабыннан тазартып жуу 

2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу

Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын қамтамасыз ету

Көрсеткіштері: биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болғанда және микробтармен ластану мүмкіндігінен кейін;  инвазивті ем шара кезінде;

Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын   медициналық қалдығын салатын  кәдеге жарату  қорабы.

 Міндетті шарт:  қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.

 Ем-шараға дайындық: 

 1. Қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу; 

  2. Шынтаққа дейін халат жеңін қайыру; 

  3. Кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);

Ем-шараны орындау 

- кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу,  алгоритм талабы бойынша   қимылдармен 

- қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты  бойынша  қозғалыс  жүйелігін  сақтай  отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау (антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек). 

3. Қолды хирургиялық дезинфекциялау   (антисептик қолдану)      

 Мақсаты: медицина қызметкерлерінің қолдарының айықтыруын қамтамасыз ету.

 Көрсеткіштері:   -  стерилді стол жаю қажеттілігі, хирургиялық ота мен  манипуляцияға қатысу.

Қарсы көрсеткіштер: қолмен денеде іріңді жарақаттардың болмауы.

Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын   медициналық қалдығын салатын кәдеге жарату  қорабы

Міндетті шарт:  антисептика ережелері қатаң сақталу үшін

Ем-шараға дайындық: 

- қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу; 

-шынтаққа дейін халат жеңін қайыру;

Ем-шараны орындау: 

-2 минут көлемінде шынтаққа дейін қол саусақтарының арасын  сабынды сумен жуу, 

- саусақ араларының сабынды көбік кеткенше тазарту 

-қолды бір ретік сүлгімен құрғату 

-кепкен теріге 5 - 6мл тері антисептигімен суреттегі қимылдар бойынша өңдеу жүргізу, 2,5 мин ішінде , қол кепкенше өңдеуді екі рет қайталау . қол жуу ұзақтығы 5минут. 

- кепкен қолға стерилді қолғап кию 

- қолғап әр науқастан кейін алмастырылады. 

Қолды жуу ережелерін сақтамау аурухана ішілік инфекциялардың негізгі таралу факторы болып табылады. зерттеулер көрсеткендей қолды дұрыс жуу аурухана ішілік аурулардың, сондай-ақ түрлі ішек және вирустық инфекциялардың тәуекелін айтарлықтай төмендетеді.
Қолыңызды үнемі жуып тұруды ұмытпай, деніңіз сау болсын!