Санаторий "Айша бибі" Жамбыл облысының Аулиекөл елді мекенінде Тараз қаласынан 25 км оңтүстік батысында батпақты -минералды кіші Ақкөл көлінің жағасында орналасқан.
Бұл көлдің батпағының емдік қасиеті өте зор, сондықтан емделушілер алып жатқан емнің бастысы болып есептеледі.
Көл жәнінде орналасқан Аулие-бұлақ суларынан нәр алады. Осы судың құрамында барлығы 34 пайдалы минералдар және микроэлементтер бар.
Бұл минералды суды кәзіргі уақытта емделушілер қабылдауда.
2015 жылы "Денсаулық " бағдарламасының аясында ғимарат денсаулық сақтау басқармасына қайтарылып, 2015 жылы 21 наурызында Жамбыл облысының әкімі шығарған № 59 қаулысымен "Айша бибі" санаторийі атауымен қайта құрылды.
"Айша бибі санаторийінің күрделі жөндеу жұмыстары және жабдықтаулары толығымен аяқталған сон 2017 жылы 1 қырқүйекте салтанатты турде ашылып жұмысын бастады.
Санаторий 120 төсектік болып құрылған.
Онда 2 бөлімше жұмыс істейді:
- Емдеу бөлімшесі;
- Физиотерапия бөлімшесі ;
Ұжымда кәсіби білімін жетілдірген тәжірибелі мамандар еңбек етеді: 8 дәрігер, оның ішінде: 1- медицина ғылымдарының кандидаты, 6- жоғары санатты дәрігерлер.
32 мейіргер,онын ішінде: 10 – жоғары, 4 – бірінші, 1- екінші санатты мейргерлер.
Олар Республиканың, облыстың, қаланың тұрғындарына мамандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Ол үшін санаторий қажетті медициналық аппараттар және жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Жабдықтардың тізімі:
- Артромоттар
- Лимфодренаж
- Лазер аппараты
- Лампа Биоптрон
- УВЧ
- УЗТ
- Магнит
- Амплипульс
- Электрофорез
- Тұзды шахта
- Ұйтқұма ванна
- Гидромассаж
- Кедр бөшкесі
- Маржан қабылдау ваннасы
Мекен жайы: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, 080200,
Әулиекөль аулы, есептік квартал 067, ғимарат 471.
Телефон: 8(72633) 5-02-02, 8(72633) 5-02-03
E-mail:
Жұмыс уақыты: с 09:00 до 18:00