«В» гепатиті – бауырдың қабынуымен жүретін жұқпалы ауру.

Жұғу жолдары:

  • Вирустармен зақымданған жеке гигиенада және тұрмыстық жағдайда қолданатын кескіш-тескіш заттарды пайдаланғанда;
  • Медициналық мекемелерде немесе сұлулық салондарында зақымданған құралдарды пайдаланғанда;
  • Жүктілік кезінде анасынан баласына берілуі мүмкін;
  • Тұрақты серігі жоқ және кездейсоқ байланыстары көбейген жағдайда жыныстық жолымен;
  • Зақымданған қанды құйған кезде;
  • Дезинфекцияланбаған құралдарды пайдаланғанда;

Қатты шаршау, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, түнгі ұйқысыздық –бұлардың барлығы аурудың белгілері болуы мүмкін. Басқа симптомдардан– себепсіз құсу, тіс иектерінің қанауы,мұрынның жиі қанауы, ісіктер, зәрдің қараюы. Ең белгілі  симптомы – көз қабығының (көз ұяшығы),ауыздың шырышты қабатының,тері қабаттарының   сарғаюы.

ВГВ жұғу жолының алдын алудың екі түрі бар  – арнайы және арнайы емес ( специфическая и неспецифическая). «В» гепатитінің арнайы алдын алу –ол жоспарлы екпе жасату. Вакцина мерзімі ұзақ қорғаныс күшін тудырады және адам ағзасына әсер етпейді.  Екпе жасатқаннан кейін «B» гепатитімен ауру мүмкін болмайды.

Арнайы емес алдын алу шаралары:

  • Тіс тағы басқа медициналық емдеу тақызметін таңдағанда бірреттік құралдарды қолдануы мен дезинфекция ережелерінің сақталуына назар аударыңызда;
  • жүкті әйелдер «В» гепатитіне тексерілуі қажет.
  • Жаңа туылған балаларға туылғаннан кейінгі 12 сағат ішінде  вакцинация жасайды;
  • «В» гепатиті вирусын жұқтырғандар қан жұғып қалу қаупі болған(мәселен, тіс щеткалары, маникюр қайшылары, ұстаралар) жеке қолданған заттарын екінші тұлғаларға пайдалануға ешқашан бере алмайды;
  • құралдарда басқа адамдардың қаны жұғып қалуы мүмкін жағдайында маникюрдің, педикюрдің қызметін жиі пайдаланатын, татуировкалар татуаж, пирсинг жасайтындарда, , сондай-ақ наркотиктер қабылдайтындарда ауруды жұқтыр у қаупі жоғары;
  • «В» гепатитімен ауырғандар немесе ауырып тұрғандар қан және н ағзалар мен тіндердің донорлары бола алмайды;
  • кездейсоқ жыныстық қатынастарда міндетті түрде презервативтерді қолдану керек, ол «В» гепатитін жұқтыру қаупін анағұрлым азайтады;

Өз деңсаулығыңыз – өз қолыңызда!