Әр ата-ананың немесе ересек тұлғалардың алдында таңдау болады: өз перзентіне және озіне екпе (вакцинация) жасату керек пе, әлде жоқ па деген.
Иммунизациялауға қатысты жиі қойылатын бірнеше сұрақтар мен олар бойынша мамандармен берілген жауаптарын ұсынамыз.
Сұрақ - Вакцинация (екпе) жасату не үшін керек?
Жауап - Бұл емшара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антиденелерді тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар.
Сұрақ - Коронавирус індетінен адам ағзасына салынған вакцина оны аурудан қорғай аладыма? Вакцина салдырғаннан кейін адам ағзасында қандай өзгерістер болады? Не үшін 2 рет вакцинация және әрі қарай 6 айдан кейін ревакцинация екпелерді салдыру керек?
Жауап -Коронавирусқа қарсы екпе алған адамда вакцина ауру туындатпайды, вакцина ағзада иммунитетті қалыптастыруға және қорғайтын антиденелердің (антитела) пайда болуына ықпал етеді.
Яғни, жай сөзбен айтсақ, вакцина сіздің ағзаңызды вирусты «танып білуге» оқытады, сондықтан індет жұқтырған жағдайда сіздің иммундық жүйеңіз коронавируспен күресуге дайын болады. Иммунитет вакцинамен алғаш кездесіп, танысқанда, ол екі түрлі иммундық клетканың жұмысын іске қосады, оның бірі: антиденелерді белсенді түрде шығара бастайды, ал екіншісі қауіпті іздеп- табады және патогенді жояды- атап айтқанда коронавирусты, егер ол екпе алған адамның ағзасына түскен жағдайда.
Білесіз бе, не үшін 2-3 рет екпе салдыру керек? Сол вакцинаның екінші –үшінші дозалары қорғану дәрежесін көтереді – 1 рет екпе салдырған адамдағыдан көрі 2 – 3 рет екпе салдырған адамда иммундық есте сақтау мен қорғайтын антиденелер саны 6-12 есеге және одан да жоғары болады.
Сұрақ - Екпе қаншалықты қорғай алады, вакциналардың әсерлері қаншалықты тиімді. Екпе алғандар ауыра ма?.
Жауап: Дайындалған және қолданыстағы вакциналардың әсерлері 80-90% аралығында тиімді болуда. 100% әсер ету нәтижесіне бірде-бір вакцина кепіл бола алмайды. Бұл деген, екпе алған адамдар, коронавирус індетімен ауырған науқаспен тығыз қарым қатынаста болса, олардың 80-90 пайызы ковидпен ауырмайды, тек 10-20 % ауыруы мүмкін екен, індет асқынусыз , женіл түрінде өтеді екен Яғни, егер сіз ауырып қалсаңыз жансақтау бөліміне түспейсіз деген сөз және өлмейсіз.
Вакцина алғандардың ауруханаға түсіп қалуы мен қайтыс болу жағдайлары 25 есе азаяды, ал ауру жұқтыру қаупі 8 еседей азаяды.
Сұрақ- Қазақстан азаматы коронавируске қарсы екпені міндетті түрде алу керекпе? Мәжбүрлеу болама?
Жауап: «Міндетті» және «мәжбүрлі» деген сөздің арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Ешкімде Қазақстан азаматын күшпен вакцина салдырта алмайды.
«Халық денсаулығы және денсаулық ссақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77 бабының 18 тармағында жазылған, әр адам, вакцинациядан жазбаша түрде бас тартуына болады, немесе жазбаша түрде ,өз еркіммен келіскенде ғана, екпе жасалынады.
Кодекстің 85 бабына сәйкес: Медициналық кері көрсетілмдері жоқ азаматтар, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын, инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы, оның ішінде коронавирусқа қарсы екпе алуға міндетті.
Сұрақ - Жұқпалы індеттерге, оның ішінде коронавируске қарсы екпе алмаған баланы, мектепке немесе бала-бақшаға қабылдай ма?
Жауап: Ата-анасының жұқпалы індеттерге, оның ішінде коронавируске қарсы екпені жасатудан бас тартуы, баласын ұйымдастырылған ұжымдарына қабылдаудан шектеу қойылмайды.
Бырақ, инфекциялық аурулар, оның ішінде коронавирус індеті тіркелген жағдайда, екпе жасалмаған балалар арасында ауруға шалдығу қатері өте жоғары болады, әсіресе ауыр асқынуларымен және өлім-жітім оқиғаларына соқтыратын оқиғаларыда. Ондай жағдайда, ұйымдастырылған ұжымдарындағы балалар ауруынан толық сауыққанша, екпе алмағандар балалар мекемесіне бармауы керек, өйткені олар инфекциядан қорғалмаған.
Немесе, эпидемиялық көрсеткіші бойынша, инфекциялық аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында, екпені алғаннан кейін ғана ұйымдастырылған ұжымдарға балаларды қабылдау ұсынылады
Сұрақ-Қазір антиваксерлер аз емес және екпе салдыруға қарсы үгіттеп жүргендер өте көп. Осы жайында не айтуға болады
Жауап: Антиваксерлер екпе мен вакциналар туралы дәлелсіз жалған ақпараттарға сендіріп, таратуларын қояр емес. Сондықтан, тек ресми ақпараттарға сеніңіздер және тек вакцинация ғана барлығымызды ковид ауруынан және пандемиядан сақтайтының үмытпаңыздар.
Қорытындысына
Қазақстан Респуликасының әр азаматы тек жеке өзінің ғана денсаулығын ғана ойлап күтпей, жалпы ұлттың саулығын көздеуі керек.
Қазақтың «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақал бар емеспе. Әлемде, коронавируске қарсы вакцинация, эпидемия мен пандемияны жеңетін ең тиімді алдың алу іс шараның бірі болып танылған.
Сондықтан, коронавирус ауруын түбегейлі шешу үшін, ұжымдық иммунитет әр аумақта жасау қажет. Популяциялық иммунитетті қалыптастыру үшін, аумақтағы халықтың кем дегенде 60-70% екпемен қамтылуы тиіс.
Аурудың алдын алу, яғни профилактика, оның ішінде вакцинация жұмысы көп деген жұқпалы аурумен күресудегі ең тиімді, тегін, әрі кең қолданылатын шаралардың бірі.